Laravel

Басшылық

Артқа

Директорлар кеңесі

Орифджан Кабулович Шадиев

Директорлар кеңесінің төрағасы

Юсуф Зия Аслан

Басқарма төрағасы

Косубаев Есетжан Муратович

Тәуелсіз директор

Косакова Айгуль Алмасбековна

Корпоративтік хатшысы
+7 727 331 6677 іш.н. 5118

Біздің командамыз

								Юсуф Зия Аслан

Басқарма төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі

Жұмыс тәжірибесі: 
1998 жылдан бастап Түркия банктерінде, соның ішінде «Kentbank & Birlesik Fon Bankasi», «Turkland Bank», «BankPozitif Turkey» («Bank Hapoalim International» еншілес банкі) ішкі аудит қызметтерінде әртүрлі (басшылық қызметтерді қоса алғанда) қызметтер атқарған. 

2011 жылғы тамыздан бастап «БанкПозитив Казахстан» АҚ ( «Bank Hapoalim International» еншілес банкі) Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын, ал 2013 жылғы ақпаннан бастап Басқарма төрағасы лауазымын атқарған.

2016 жылы  «Еуразиялық Банк» АҚ «БанкПозитив Казахстан» АҚ-ның акцияларын сатып алғаннан кейін «Еуразиялық Банк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде қызмет етіп, «БанкПозитив Казахстан» АҚ-ның «Еуразиялық Банк» АҚ-на қосылу үдерісін басқарды. 2016 жылғы мамырда «Еуразиялық Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалады, ол жерде Стратегиялық жоспарлау және бизнесті дамыту департаментін басқарды. 

2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы тамызға дейін «АК Алтыналмас» АҚ-ның Тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2017 жылғы желтоқсанда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған. 2018 жылғы ақпанда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Білімі: 
1998 жылы «Анкара» Университетін бітірген, «Саяси ғылымдар мен мемлекеттік басқару бакалавры» дәрежесіне ие. 
Ішкі аудиторлар институтымен (АҚШ) берілген «Дипломды ішкі аудитор» халықаралық біліктілігінің иегері.


							
								
Абдуррахман Зеки Арифиоглу 

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Жұмыс тәжірибесі:
Банк саласында 19 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 1999 жыл мен 2006 жыл аралығында әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде, Ziraat Bankasi (Түркия) –да тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласында қызмет еткен.

2006 жылғы наурызда «Kazakhstan Ziraat International Bank» ЕБ» АҚ-да көтерме және бөлшек несиелендіру департаментінің директоры болып тағайындалды. 

2010 жыл мен 2012 жыл аралығында Банктің орталық филиалының директоры және Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2012 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы маусымға дейін «Kazakhstan Ziraat International Bank» ЕБ»-де Басқарма төрағасы лауазымында жалпы басшылық еткен.

Capital Bank Kazakhstan Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына 2018 жылғы шілдеде тағайындалды. 

Білімі: 
1998 жылы «Саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Анкара Университетін бітірген. «Қаржы (қоғамдық экономика)» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.



							
								
Бертран Госсар
Бөлшек бизнес жөніндегі басқарушы директор

Жұмыс тәжірибесі
Қытай, Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Гонконг, Қазақстан, Ресей, Польша және Чехияны қоса алғанда Еуропа, ТМД және Азия елдерінде бөлшек банкинг және тұтынушылық несиелендіру саласында басшылық қызметтерде 25 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

1991 жылы Renault Credit International-да өкімет басшысы лауазымынан сәтті бастама алып, әрі қарай – Польша және Чехия компанияларында қаржылық директор қызметін атқарды, автонесиелендіруді іске қосу бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырды. 

1999 жылдан бастап 2002 жылды қоса алғанға дейін BNP Paribas – Cetelem басқарма төрағасының орынбасары лауазымында Тайландта Kasikorn Thai Bank-тағы автонесиелендіру бойынша жобаны іске қосу арқылы компанияны жаңадан құрылған кезден бастап басқарды.   

Бертран Госсардың жетістіктері қатарына бірнеше қаржы компанияларын аутсайдерден автосатылым және тұтынушылық несиелендіру (Société Générale Consumer – «Русфинанс» (Мәскеу) және "ПростоКредит" (Қазақстандағы Société Générale банкінің еншілес кәсіпорны) көшбасшыларына шығару кіреді.

2008 жыл мен 2011 жыл аралығында Société Générale Consumer Finance Өңірлік директоры лауазымында Китай, Үндістан, Таиланд, Вьетнам және Қазақстанда коммерциялық желіні дамыта отырып, компания қызметіне басшылық етті.

2011 және 2017 жылдары «Еуразиялық банк» АҚ-да банк құрылымына «ПростоКредит» компаниясын біріктіру бойынша жобаны сәтті іске асыру, бөлшек бизнеске арналған жаңа ІТ-платформаны енгізу, Қазақстанда бөлшек несиелік портфель бөлігін секьюритизациялау бойынша алғаш рет мәміле жүргізу арқылы бөлшек бизнес және тұтынушылық несиелендіру бөлімін басқарды, сөйтіп 8 айдың ішінде банкті Қазақстандағы автонесиелендіру көшбасшысы етті.

 Capital Bank Kazakhstan бөлшек бизнес жөніндегі басқарушы директор лауазымына 2018 жылғы тамызда тағайындалды. 

Білімі: 
Amiens Business School (Франция) Іс басқару магистрі (МВА) дәрежесіне ие.


							
								
Дина Байниетова 

Корпоративтік жобалар жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Жұмыс тәжірибесі:
2002 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылғы тамыз аралығында «БТА Банк» АҚ-да («Банк Туран Алем» АҚ) түрлі қызметтер атқарған.

2010 жылғы кыркуйек бастап 2013 жылғы қыркүйек аралығында «Еуразиялық банк» АҚ-да Корпоративтік бизнес департаментінің Кредиттік талдау және мониторинг басқармасының мониторинг бөлімі бастығы лауазымын атқарған, сондай-ақ Астана қ. филиалындағы корпоративтік бизнес басқармасын басқарған.

2013 жылғы қазан мен 2017 жылғы сәуір аралығында «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-да Корпоративтік банкинг және сатылым департаментінің директоры қызметін атқарған.
2017 жылғы сәуірден бастап «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-да Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.
Білімі:
2003 жылы Алматы қ. Т. Рыскулов атындағы Қаз.ЭУ  (бұрынғы халық шаруашылығы институты) «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 
2012 жылы Алматы қ. Қазақ-Британдық техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистірі» дәрежесін алған.

Білімі:

2003 жылы Алматы қ. Т. Рыскулов атындағы Қаз.ЭУ (бұрынғы халық шаруашылығы институты) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Алматы қ. Қазақ-Британдық техникалық университетінде «Қаржы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистірі» дәрежесін алған.

							
								
Жанат Толеуханович Мунсузбаев 

Тәуекелдер жөніндегі бас директор - Басқарма мүшесі

Жұмыс тәжірибесі:
2000 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы шілде аралығында әртүрлі жеке құрылымдарда әртүрлі лауазымда жұмыс істеген.
2004 жылғы шілде мен желтоқсан аралығында Алматы қ. «Каспий Банкі» АҚ-да банк операцияларының бэк-офисі маманы болып жұмыс істеген. 
2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылғы қараша аралығында «Еуразиялық банк» АҚ-да әртүрлі қызметтер атқарған. 
2010 жылғы қарашадан бастап 2012 жылғы шілде аралығында «Еуразиялық банк» АҚ-ның кредиттік тәуекелдер және кепілдіктерді бағалау департаментін басқарған.
2012 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қараша аралығында «Qazaq Banki» АҚ-да басқарушы директор болған.
2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-да Тәуекелдер жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі лауазымында қызмет атқарып келеді.
Білімі: 
2002 жылы «Қаржы және Несие» мамандығы бойынша Еуразиялық нарық институтын бітірген.