ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

2019 жылдың 04 қарашасынан бастап төлем карталары, сондай-ақ қашықтықтан банктік қызмет көрсету операциялары бойынша банктік операцияларды жүргізуге лимиттер өзгертілетіндігін хабарлаймыз.

1. Банк айналысқа шығарған бір карта бойынша шығыс операциялары (Банктің жалақы жобалары шеңберінде шығарылған карталардан басқа) - 50 000 теңге (валютадағы баламасы) /тәулігіне 
оның ішінде:
- Банк кассаларында қолма-қол ақшаны алу;
- банкоматтардан қолма-қол ақша алу;
- картаны ұсына отырып, сауда және сервис кәсіпорындарында қолма-қол ақшасыз төлем жасау;
- карта нөмірі бойынша картаны ұсынусыз CVV2 кодын растаумен қолма-қол ақшасыз төлем жасау;
- карта нөмірі бойынша картаны ұсынусыз CVV2 кодын растаусыз қолма-қол ақшасыз төлем жасау;
- CVV2 кодты растаусыз Интернет желісінде операциялар жүргізу;
- CVV2 кодты растаумен, Интернет желісінде операциялар жүргізу;

2. Visa Direct/Mastercard Money Send арқылы төлем карталары бойынша аударым операцияларын жүргізу (P2P аударымдар)  - 200 000 теңге (валютадағы баламасы) /тәулігіне
оның ішінде:
- Банк шығарған дебеттік/кредиттік төлем карточкасынан Банк шығарған басқа төлем карточкасына аударым
- Банк шығарған дебеттік/кредиттік төлем карточкасынан ҚР басқа Банкі шығарған Visa / MasterCard төлем карточкасына аудару

3. Бір клиентке Қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде банкаралық аударымдарды жүргізу - тәулігіне 200 000 теңге (валютадағы баламасы)

4. Бір клиентке Қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде банктік шоттардан төлемдер жасау ( қызметтерді төлеу)  - 100 000 теңге (валютадағы баламасы) /тәулігіне

5. Бір клиентке Қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде ҚР басқа Банкі шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдер жасау (қызметтерді төлеу) - 10 000 теңге (валютадағы баламасы) /тәулігіне

6. Басқа банктер айналысқа шығарған карталар бойынша Банк банкоматтары мен кассаларынан қолма-қол ақшаны алу - тәулігіне 0 теңге.