ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

21 ақпан 2020 жыл. Алматы қаласы. «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ басшылығы БАҚ-та «Tengri Bank» АҚ ірі акционерінің «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-мен қосылуға келісімін қайтарып алу туралы мәлімдеуіне байланысты келесіні хабарлайды. 
Болжалды қосылу үрдісі бірінші кезеңде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ банктерінің операциялық қызметін біріктіруді көздеді. 
Жалғыз акционер екі банктің басшылығымен бірлесіп, үшінші тараптың бас тартуына қарамастан, бірлестік бойынша бұрын әзірленген жоспарды қолдануды көздеп отыр.
Банктердің акционері екі банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша бағдарлама әзірледі, ол туралы Реттеушімен келісілгеннен кейін жақын арада хабарланатын болады. 
 Байниетова Дина, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы
«Біріктіру мәселесі өзекті болып қала береді және екі банкте барлық қажетті дайындық рәсімдерін жүргізудеі. Басшылық пен Акционер біріктіруге дайындық кезеңінде-ақ, жағдайды өрбітудің барлық нұсқаларын қарастырды, сондықтанда басталған бірлесу жалғастырылатын болады».
 Абдуррахман Зеки Арифиоглу, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ  Басқарма Төрағасы 
«Әртүрлі банктердің бизнес-үрдістері түрліше құрылған - біріктіру үрдісі бағдарламалық қамтамасыз етудің, тәуекелдерді басқару жүйелерінің, өнім желісінің жинақтауын білдіргені анық. Үшінші тараптың бірлестіктен шығуы біріккен банк құру бойынша қойылған міндетті жеделдетеді».

Қосымша ақпарат бойынша төмендегі байланыстарға  хабарласыңыз болады.