ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank» АҚ қайта ұйымдастыруға кіріседі.
26 ақпан 2020 жыл. Алматы қаласы. «Capital Bank Kazakhstan АҚ және «Asia Credit Bank» АҚ
бұрын әзірленген қайта ұйымдастыру және екі қаржы институты базасында жаңа банк құру
бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі, ол бұрын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі
агенттігі (ҚНРДЖА) атынан мемлекеттік реттеуіштен мақұлдау алды. «Capital Bank Kazakhstan АҚ
және «Asia Credit Bank» АҚ-ның қайта ұйымдастыру үрдісі 2020 жылдың 02 наурызынан басталады
және екі банктің топ-менеджерлерінен тұратын басқару командасы, сондай-ақ шақырылған
мамандар мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
Орифджан Шадиев, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank» АҚ акционері
«Соңғы оқиғаларды ескере отырып құрастырылған және түзетілген іс-әрекет жоспары реттеуші
тарапынан қолдау алды және біз алдағы уақыттарда жүзеге асыруды бастауға ниеттіміз. Келіп
түскен ұсынымдар ескерілетін және ағымдағы жылдың соңына қарай құрылатын қаржы
институты реттеуіштің барлық пруденциялық нормативтерін орындауы және оған сәйкес келуі,
сондай-ақ клиенттердің барлық талаптарына сай болуы үшін барлық күш қолданылатын болады.
Өтпелі кезең командасы активтерді шоғырландыру, проблемалық қарыздармен жұмысты
белсендіру, банктің үлкен мөлшері, ымыра әсері және жаңа өмірге бейімді бизнес-модель есебінен
жаңа қаржы институтының тиімділігін арттыруға ниетті».
Қайта ұйымдастырылатын банктің басшылығы алдындағы басты мақсаттар: активтерді сауықтыру
және операциялардың табыстылығын арттыру, ықтимал кредиттік тәуекелдерді азайту қабілетін
және барлық кәсіптік-үрдістердің тиімділігін арттыру болып табылады. Екі қаржы ұйымдарының
үздік қызметкерлерінен құрылған кәсіби команданы сақтау жоспарлануда, оның күші ағымдағы
активтердің сапасын арттыруға, тұтастыққа, икемділікке және клиентке бағдарлануға бағытталған
даму векторын сақтауға жинақталады. Бұған дейін хабарланғандай, екі банк де барлық қажетті
дайындық шараларын жүргізуде. Банк клиенттеріне жаңа атауы, стратегиясы, басшылық пен
команда, егжей-тегжейлі жұмыс кестесі туралы ақпаратты қоса алғанда, қайта ұйымдастыру
жөніндегі жоспарлар, техникалық нақтылаулар кейінірек ұсынылатын болады.
Қайта ұйымдастыру үрдісі Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қатаң сәйкестікте
және ҚР ҚНРДЖА тұрақты қадағалауымен өтетін болады. Қазіргі уақытта «Capital Bank
Kazakhstan» АҚ және «AsiaCredit Bank» АҚ штаттық тәртіпте жұмыс істеуді жалғастыруда және осы
қайта ұйымдастыру операциялық қызметті жақсартуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу үшін баспасөз қызметіне хабарласыңыз.