ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қарыз алушыларын (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер бойынша) қолдау шаралары туралы


Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Capital Bank Kazakhstan» АҚ (әрі қарай – Банк) мынадай тәртіппен өз клиенттеріне (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлеріне) қолдау көрсетуге әзірлігін хабарлайды:
1. Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Банк төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде  қаржылық жағдайы  төмендеген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қарыздары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімақылар мен айыппұлдарды есептемейді.

Банктің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты жоғарыда көрсетілген шараларды орындауы, клиенттің электрондық пошта, "банк клиент" онлайн-жүйесі, ғаламтор-ресурсы, мобильді қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы берген өтініші негізінде жүзеге асырылады (өтінішті клиент дербес немесе ұсынылатын нысанға сәйкес жасайды (Қосымшаны жүктеу).


2. Банк 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін қарыз алушының келісімімен шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақыны төлеуді төмендегі шарттардың бірін сақтаған жағдайда тоқтата тұрады: 
•	салаларда қызметті жүзеге асыру:
•	СОО жалға алушыларды қоса алғанда,  сауда секторы, халық тұтынатын дүкендер, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда, тауарларды жеткізу желісі,
•	туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, спорт, туризм және қонақ үй бизнесі,
•	азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы,
•	мейрамханалар мен кафелерді қоса алғанда, қоғамдық тамақтандыру секторы,
•	тұрмыстық қызмет көрсету секторы, театрларды, кинотеатрларды, көрмелер мен конференцияларды фото және бейнетүсірілімдерді, салтанаттарды, сұлулық салондарын және фитнес орталықтарды қоса алғанда, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру. 
•	өткізілген тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі, кідірту, тоқтата тұру, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін ауыстыру, қызметкерлердің штат санының қысқаруы расталған кезде немесе төтенше жағдай тәртібінің қолданылуы кезеңінде басқа да объективті себептер бойынша қаржылық жағдайы төмендеген жағдайда.

3. Жоғарыда 2-тармақтың 2) тармақшасына сәйкес келетін ЖК-ті  қоса алғанда, шағын және орта бизнес субъектілері бойынша, Банк клиенттің 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін берген өтініші және қаржылық жағдайының төмендегенін растайтын құжаттар негізінде шешім қабылдайды. Өтінішті клиент өз бетінше немесе ұсынылған нысанға сәйкес жасайды (Қосымшаны жүктеу) және электрондық пошта, "банк клиент" онлайн жүйесі немесе басқа да байланыс құралдары арқылы қабылданады. 
Клиент толтырылған өтінішті Банктің электрондық поштасына мына мекенжай бойынша жібереді: info@capitalbank.kz. Бұдан әрі клиент әрбір өтінім бойынша жеке қабылданатын Банктің уәкілетті органының шешімін күтеді.

Банк өтінішті алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде кез келген қолжетімді тәсілмен (тлефон, смс, e-mail немесе басқа қашықтық тәсілмен) қабылданған шешім туралы клиентке хабарлайды.
4. Төлемдерді тоқтата тұру және кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды тиісті өзгерту туралы өтінішті қарау үшін комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбайды.
5. Қосымша ақпарат алу үшін Банктің Call-Center-не 6161 телефоны бойынша хабарласу қажет (ұлы телефоннан тегін).




Құрметпен, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ.