ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Құрметті клиенттер,

Сіздерге төлем карточкалары бойынша Cashback ұсыну шарттары туралы ақпаратты ұсынамыз: Cashback дегеніміз - сауда кәсіпорындарындағы және Ғаламтор желісіндегі тауарлар/қызметтер мен қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қолма-қол ақшасыз операция сомасының бөлігін клиентке/карточканы ұстаушыға қайтару.

Cashback келесі жағдайларда берілмейді:
-  ойынханада және бәс тігулерде жүргізілген операциялар үшін;

-  лотерея билеттері мен облигацияларды сатып алғанда;

-  Банктегі және басқа банктердегі банктік шоттарға аударымдық операциялар жүргізу кезінде;

-  Электрондық әмияндарды толықтыру бойынша жүргізілген операциялар үшін;

-  Банк пен басқа банктердің банкоматтарында жүргізілген операциялар үшін;

-  Банктің Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде жүргізілген операциялар үшін.

 
Cashback келесі жағдайларда жойылуы мүмкін:
-  Банк Cashback есептеген карточкалық операцияны жойған/қайтарған (төлем карточкасы бойынша сатып алынған 
   тауарды қайтарған немесе төлем карточкасы бойынша төленген қызметтен бас тартқан) жағдайда;

-  карточканы ұстаушымен жасалған төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын
   бұзған жағдайда;

-  төлем карточкасы бойынша несиелік лимиттің мерзімі өткен жағдайда.