ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«CapitalBankKazakhstan» АҚ өз акционерлерін акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес Банктің орналастырылатын қарапайым акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы хабарландырады

06.06.2016 - 17:30

Осы арқылы «CapitalBankKazakhstan» акционерлік қоғамы, 050013, Алматы қ., Фурманов к-сі, 187 Б (бұдан әрі – Банк), «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына сәйкес, акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес Сіздегі бар Банк акцияларының санына үйлесімді тең шарттарда Банктің орналастырылатын қарапайым акцияларын сатып алу мүмкіндіктері туралы хабарлайды:

Акция шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 2016 жылғы 12 қаңтар

Банк акцияларын орналастыру шарттары:

1) орналастырылатын акциялардың саны мен түрлері: 100 000 (жүз мың) қарапайым акциялар;

2) қоғамның осындай шешімді қабылдауға уәкілетті органы белгілеген орналастырылатын акцияларды орналастыру құны және төлеу тәртібі: бір қарапайым акция үшін 50 000 (елу мың) теңге;

3) орналастырылатын акцияларға төлем жүргізу мерзімі және тәртібі: орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күн. Орналастырылатын акциялардың төлемі KZ287812860193980004 банктік шотқа қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүргізілуі тиіс;

4) қарапайым акцияларды орналастыру әдісі: ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында өткізілетін жазылым арқылы, соның ішінде акционердің акцияны артықшылықпен сатып алу құқығын жүзеге асыруы арқылы;

5)	өтінім беруді акционерлер Банктің атқарушы органының орналасқан жері: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 187Б мекенжайы бойынша жүзеге асырады; Банктің өкілі: Болат Каримович Талтанов, Заң департаментінің директоры, тел 8 (727) 331 66 77, і.н. 5234, e-mail: BTaltanov@capitalbank.kz

6)	өтінімді беру мерзімі және тәртібі: Банктің қарапайым акцияларды орналастыру туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде. Жазбаша түрде жасалған өтінім оның табысталғандығы туралы хабарлау арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі немесе акционер не болмаса оның уәкілетті өкілі осы хабарламада көрсетілген мекенжайға өзі апарып береді. Өтінім келіп түскеннен кейін, жоғарыда көрсетілген мерзім өткенге дейін Банк бұл өтінімді Сіз сатып алғыңыз келген бағалы қағаздар санына сай орындайды;

7) орналастырылған акциялар (Банктің сатып алғандарын есептемегенде) санының орналастырылатын акциялар санына арақатынасы (коэффициент): 5 010;

8) Банк акционері акцияны онда бар акция санына бара-бар бірыңғай орналастыру бағасымен сатып алуға құқылы;

9) акцияларды сатып алуға өтінімде:

- Банк акционері сатып алуға ниеттенетін қарапайым акциялардың саны;

- Банк акционерінің (егер акционер жеке тұлға болса) немесе оның уәкілетті өкілінің аты, тегі, (бар болса - әкесінің аты) жеке басын куәландыратын құжатының деректері, тұратын жері, қолы;

- егер акционер заңды тұлға болса, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері мен мөрі, бірінші басшысының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүддесін көтеруге уәкілетті басқа тұлғаның қолы болуы керек.