ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Құрметті клиенттер,

Құрметті клиенттер, Банктің төлем карточкаларын ұстаушылар!

Сіздерге Төлем карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартқа (жеке тұлғалар) және Төлем карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартқа (заңды тұлғалар) жаңа редакциядағы Шарттарды бекіту арқылы (Басқарманың 2016 жылғы 11 қарашадағы №П/16 шешімі) өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлаймыз.

Шарттарға Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес, сонымен қатар келесі мәселелерге қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
-	Банктің тарифтері мен Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі;
-	клиенттердің өтініштерін, соның ішінде рұқсат етілмеген операциялар бойынша өтініштерін қарастыру;
-	клиенттерді/карточка ұстаушыларды жүргізілген карточкалық операциялар бойынша хабарландыру;
-	клиенттің сенімді тұлғасына қызмет көрсету талаптары;
-	карточкалық өнімдер аясындағы қосымша қызметтерді көрсету талаптары.

Шарттарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар әрекет етуші клиенттер үшін 2016 жылғы 26 қарашадан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ, Сіздер Шартқа енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, Шартта көзделген тәртіпте оны бұзғаны үшін қосымша комиссия төлеместен Шартты бұзуға құқылы екендіктеріңізді хабарлаймыз.