ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Құрметті клиенттер – Банк карточкаларын ұстаушылар,

2017 жылғы 09 ақпаннан бастап «Capital Bank Kazakhstan» АҚ карталары бойынша барлық интернет-төлемдер 3D Secure жүйесімен қорғалады - Verified by Visa (VISA карталарына арналған) және Secure Code (MasterCard карталарына арналған). 

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның барлық шығарылған және қайта шығарылған карталары 3D Secure  жүйесіне автоматты түрде қосылған.  

3D Secure дегеніміз не
 
3D Secure халықаралық қауіпсіздік стандарты – бұл алаяқтық жағдайларды азайтатын, Visa және MasterCard карталарының көмегімен жасалатын төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи тиімді технология.
3D Secure технологиясы бар интернет-дүкенде операция жүргізу кезінде Сізге Банк Сіздің ұялы телефон нөміріңізге SMS-хабарлама түрінде жіберген бір реттік (бір ғана сатып алуға жарамды) 3D құпиясөзін енгізу ұсынылады.

Толығырақ «Карталар бойынша қызметтер» бөлімінде -   толығырақ немесе + 7 727 258 5566 не 6161 (ұялы телефоннан тегін) телефон нөмірлері бойынша.