ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Ұлттық Банктің 1000 теңгелік банкноттар туралы ақпараттық хабары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлайды. 
Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.