ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ төрағасы лауазымына Бахтияр ИЛЬЯСОВ тағайындалды.

Директорлар кеңесінің осы шешімімен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып Б.А. Ильясов тағайындалды.
 Бахтияр Ильясов Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие және 17 жылдан аса қаржылық саладағы жұмыс тәжірибесі бар.
Осы уақытқа дейін  «Tengri Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі лауазымын атқарған. 
Б.А. Ильясов өзінің өкілеттілігі аясында Банкті шұғыл басқарушылықтан басқа екі банктің даму стратегиясының сабақтастығын сақтау мақсатында екі қаржылық институтты біріктіру үдерісін ұйымдастыруға және клиенттерге қызмет етудің ыңғайлы да, сенімді жағдайын жасауға жауап береді деп жоспарлануда.
Екі қаржылық институтты қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «Capital Bank  Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ жеке тұлғаларды корпоративтік қаржыландыру мен оларға қызмет көрсетуде толық кешенді банк қызметтерін көрсетуде.
2016 жылғы желтоқсанда «S&P Global Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B+» деңгейінде, ал 2016 жылғы наурызда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «В-» деңгейінде растады. Бұл рейтингтер екі банктің де тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның PR-қызметі