ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«B1NK Security»

Құрметті клиенттер – Банк карточкаларын ұстаушылар,

2017 жылғы 17 сәуірден бастап Сіз «B1NK Security» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, өздігіңізден 3D Secure бір реттік құпиясөзді жасай алатын боласыз.

Бұл үшін Сізге Play Market-те «B1NK Security» қосымшасын жүктеп алу қажет.

*қазіргі уақытта қосымша Android базасындағы мобильді құрылғылар үшін ғана қолжетімді, қосымшаны iOS басзасындағы құрылғылар үшін іске қосу туралы Банк қосымша хабарлайтын болады.

B1NK Security – бұл Интернет желісінде операция жүргізу үшін пайдаланылатын 3D Secure бір реттік құпиясөзді жасауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. B1NK Security қосымша қызметі: геошектеуіштерді орнату, лимиттерді басқару және карталарды бұғаттау.

Толығырақ «Карталар бойынша қызметтер» бөлімінде немесе + 7 727 258 5566 не 6161 (ұялы телефоннан тегін) телефондары бойынша.