Laravel

ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ корпоративтік оқиғалар және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның құнды қағаздарын ұстаушылардың мүдделеріне қатысты өзгерістер (Банктің жалғыз акционері қабылдаған шешімдер) туралы хабарлайды

2017 жылғы «04» мамырда Банктің жалғыз акционері келесі шешімдерді қабылдады:
1)	«Capital Bank Kazakhstan» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры Бхамре Прасадтың өкілеттілігі 2017 жылғы 04 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын;
2)	Есетжан Муратович Косубаев 2017 жылғы 04 мамырдан бастап «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Директорлар кеңесінің тұтастай өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайлансын.
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма төрағасы осы Шешімнен шығатын қажетті шараларды қабылдасын.