Laravel

ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Capital Bank Kazakhstan-ның заңды тұлға-клиенттерінің назарына!

Сіздерге ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2016 жылғы 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (бұдан әрі - ЗТМО) қызметтерін біріктіре отырып, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатындығын хабарлаймыз. 

ҚР Үкіметінің Мемлекеттік корпорацины құру мәселелері бойынша қаулысының жобасына сәйкес, ЗТМО заңды тұлға ретінде жойылатын болады, ал оның (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби жарналар, әлеуметтік аударымдар, осы төлемдерді мезгілінде аудармағаны үшін өсімпұл, зейнетақы мен жәрдемақыларды қайтару бойынша) төлемдерді өңдеу және ақша аудару бойынша қызметтері 2016 жылғы 1 наурыздан бастап Мемлекеттік корпорацияға берілетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, төлемдерді үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін, Сіздерден 2016 жылғы 25 ақпанға дейін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды ЗТМО-ның ескі деректемелеріне аударуларыңызды сұраймыз.

2016 жылғы 1 наурыздан бастап ЗТМО-ның зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша қызметі Мемлекеттік корпорациямен атқарылатындығын және зейнетақы жарналарын аудару мен міндетті әлеуметтік аударымдарға арналған бенефициар (алушы) деректемелерінің өзгертілетіндігін ескерулеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік корпорацияның деректемелері бойынша толық мәліметтерді, сонымен қатар БСН және банктік деректемелерді Ұлттық Банк шамамен 2016 жылғы 25 ақпанда жариялайтын болады.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-мен серіктестік үшін алғысымызды білдіреміз!