ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның акционері Банкке қолдау көрсетуді күшейтеді

2017 жылы ҚР банктік секторда күрделі жағдай қалыптасты. Кейбір банктердің қаржылық ахуалының нашарлауы салымшылар арасында көңілсіздік туғызған болатын, соның нәтижесінде шағын банктердің мемлекеттік және жеке меншік секторларының депозиттері жылыстады. «Capital Bank Kazakhstan» АҚ да бұл үдерістен тыс қалмаған еді. 
Дегенмен, банктің акционері мен басшылығы сол кезеңде қабылдаған белсенді шаралардың арқасында Банк төлемпаздықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алды, клиенттер мен серіктестерінің талаптарына уақытында және толық көлемде жауап беріп, реттеушінің талаптарын сақтай алды. 
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ жалғыз Акционері Орифджан Шадиев (Forbes-тің соңғы нұсқауы бойынша Қазақстанның 50 ең бай бизнесмендерінің рейтингіне кірген) бұдан әрі де Банкке қажетті барлық қолдауды көрсетуге әзір. 
Осылайша, S&P рейтингтік агенттіктің Банк рейтингісіне қатысты әрекетіне жауап ретінде Банктің Акционері мен басшылығы 09.02.18ж. Банк ахуалын және қолдауды күшейту мақсатында келесі шешімдерді қабылдады:

-	Банктің акционері Банкке реттегіш талаптарына толығымен сай кезінде клиенттер мен серіктестерінің алдында толық және уақытылы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшердегі ұзақ мерзімді депозит түріндегі қосымша қаражат салады және төлемпаздықты қамтамасыз ету бойынша қажетті барлық ақтық шараларды қабылдайды;

-	Банктің басшылығы өтем кестесіне сәйкес берешекті уақытылы өтеуді қамтамасыз ету және активтер сапасының нашарлауына жол бермеу үшін қарыз алушылармен жұмыс жүргізуді күшейтеді;

-	 Банк басшылығы қор жинаудың тұрақты және әртараптандырылған қорын қамтамасыз ету үшін корпоративтік одақтың ірі салымшыларымен кездесулер өткізеді;  

-	Банк менеджмент командасын жергілікті және халықаралық нарықтағы тәжірибесі мол сарапшылармен күшейтеді. Наурыздың соңына дейін менеджмент өзіндік тұрақты дамудың жаңа стратегиясын әзірлейді, оның ажырамас бөлігіне нарықтан жаңа клиенттерді тарту және сандық банкинг қорындағы бөлшек бизнесті дамыту арқылы бизнесті әртараптандыру,   Collection жұмысын жетілдіру, шығындарды оңтайландыру, сервис сапасын жақсарту, сатылым арналарын дамыту және басқа да көптеген нәрселер жатады.

Осы және басқа да шаралар бірігіп Банкке Банктің рейтингтеріне әсер ететін қызметтердің негізгі көрсеткіштерін тұрақтандыруға және жақсартуға мүмкіндік береді. Банктің барлық бөлімшелері мен арналары әдеттегі тәртіпте жұмыс жасауда, банктік қызмет толығымен көрсетілуде. 

«Акционер ретінде, мен үшін Банк маңызды актив болған және қала береді, және мен Банкке кез келген уақытта барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынмын. Мен біздің клиенттеріміз бен серіктестерімізге білдірген сенімдері үшін алғыс айтқым келеді! Мен және Банктің басшылығы рейтингтердегі ахуалды жақсарту, ең үздік қызмет көрсету және өзара тиімді қызметтестікті күшейту үшін бар күшімізді салуды жалғастырамыз!» - деді Орифджан Шадиев.