ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Сіздерге «Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне  (31.05.2019ж. №13 хаттама) сәйкес, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың мерзімділік талаптарына сәйкес келмейтін жаңадан ашылатын депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютада жылдық 9,8% құрайтынын хабарлаймыз.

«Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне  (29.04.2019ж. №9 хаттама) сәйкес жеке тұлғалардың мерзімділік талаптарына сәйкес келетін жаңадан ашылатын депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі шетел валютасында жылдық 2% мөлшерінде бекітілді.