ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ заемшыларды (жеке тұлғаларды) қолдау шаралары туралы

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Capital Bank Kazakhstan» АҚ (әрі қарай – Банк) мынадай тәртіппен өз клиенттеріне (жеке тұлғаларға) қолдау көрсетуге әзірлігін хабарлайды:

1. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде:
1) Банкте төлемдердің негізгі борыш бойынша төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар және (немесе) жеке тұлғаларға барлық қарыздар бойынша сыйақы болмайды;
2) Банкте барлық кепілсіз (қамтамасыз етілмеген) жеке тұлғалардың заемдарына сыйақы есептелмейтін болады, ол бойынша негізгі борыш бойынша төлеу мерзімін және (немесе) сыйақы 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімді құрайды.

Жоғарыда аталған шараларды орындау клиенттерге қандай да бір өтініштерге, келісімдерге немесе құжаттарға сұрау салмастан Банк өз бетінше жүзеге асыратын болады.

2. Банк 2020 жылдың 16 наурызына дейін берілген негізгі борыш бойынша және жеке тұлғалардың барлық кредиттеріне сыйақы төлеуді  2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымға дейінгі кезеңде келесі клиенттердің санаттарына төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы шаралар қабылдайтын болады:
1) халықтың әлеуметтік-осал топтарына (ХӘОТ) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
3) халықтың Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға;
4) төтенше жағдайдың қолданысы немесе карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге-жеке тұлғаларға (карантин енгізілуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы; төленбейтін еңбек демалысында болуы; жұмыстан шығару, еңбек шартын бұзу және өзге де еңбек қатынастарын тоқтату; жалақы немесе басқа да кірістерді төмендету немесе тоқтата тұру; егер қызметкер ол аумақта төтенше жағдай және (немесе) карантин болған жұмыс орнында қойылатын кіру (шығу) шектеулерге байланысты мекен аумағына кіре алмаса; қаржылық жағдайының нашарлауы туралы куәландыратын өзге де себептері).
3. Жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес, 1, 2, 3 санатына жататын клиенттер төлеу мерзімін кейінге қалдыру үшін Банк бөлімшелеріне баруы қажет емес. Банк өзі төлеу мерзімін кейінге қалдыруға келісім алу үшін осы клиенттер деректерімен қолжетімді тәсілмен хабарласады (телефон арқылы, смс немесе өзге де қашықтағы тәсілмен).
Төлеу мерзімін кейінге қалдыруды үсыну және келісім алу шарасы бойынша жоғарыда көрсетілген клиенттер санаттарына Банктің жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын клиенттердің кредит бюросы тізімінен Банк алғаннан кейін жүзеге асырады.
Төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну фактісі бойынша клиентке Банк кез келген қолжетімді тәсілмен (телефон арқылы, смс немесе өзге де қашықтағы тәсілмен) хабардар етеді.
4. Жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес 4 санатқа жататын клиенттер бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) Клиент өтінішті толтырады немесе төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсынуға еркін нысанда өтініш жасайды.
Ұсынылатын өтініштің нысанын осы жерден жүктеуге болады (бұл ретте өтініште міндетті түрде барлық сұратылған ақпаратты толтыру/көрсету керек);
2) клиент толтырылған өтінішті (қосымша ретінде) Банктің электронды пошта мекенжайына info@capitalbank.kz жібереді;
3) клиент әрбір өтінім бойынша жеке-жеке қабылданатын Банктің шешімін күтеді;
4) Банк өтініш алған сәттен бастап 10 күн ішінде клиентке қабылданған шешім туралы кез келген қолжетімді тәсілмен (телефон, sms, e-mail немесе өзге де қашықтағы тәсілмен) хабарлайды.



Құрметті клиенттер! 
Бұл ретте төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну туралы өтініш беру кезінде сізге назар аударуыңызды Сұраймыз және келесі ақпаратпен келісесіз:
1) Банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының болмағандығы туралы ақпарат анықталған жағдайда төлеу мерзімін кейінге қалдырудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
2) жалпы қарыз мерзімі төлеу мерзімін кейінге қалдыруға қатысты ұлғаюы мүмкін;
3) кейінге қалдырылған төлемдер кредиттеудің қалған мерзіміне біркелкі ауыстырылуы мүмкін;
4) кейінге қалдырылған төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін ай сайынғы төлем бойынша жаңа төлем кестесі ұлғаюы мүмкін;
5) қарыз бойынша жалпы артық төлем ұлғаюы мүмкін, өйткені сыйақы мерзімін кейінге қалдыру қолданылу кезеңінде негізгі борыштың қалдығына есептелуі жалғасуы мүмкін. 

Қосымша ақпарат алу үшін сізге Банктің Call-Center 6161 телефоны бойынша (ұялы телефоннан тегін) хабарласу керек

Қосымшаны жүктеу


Құрметпен, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ.