ЖАҢАЛЫҚТАР

Артқа

Құрметті клиенттер!
Осы хабарлама арқылы сіздерге заңнама талаптарының қатаңдығына байланысты, айырбастау операцияларын (валюта айырбастау операцияларын) жүргізу кезінде сізге Банк қызметкерлерінің сұратуы бойынша жүргізілетін операцияға қатысты құжаттар ұсыну қажет болатынын мәлімдейміз. 
Бұл ретте, егер сіз бір операциялық күні жиынтық сомасы жеке тұлғалар үшін – 3 (үш) АҚШ миллион долларынан немесе оның басқа валютадағы баламасынан асатын, заңды тұлғалар үшін – 10 (он) миллион АҚШ долларынан немесе оның  басқа валютадағы баламасынан асатын сомаға айырбастау операциясын жүргізуді жоспарласаңыз, сізге айырбастау операциясын жүргізгенге дейін 1 (бір) операциялық күннен кешіктірмей алдын ала өтінім ұсыну қажет. 
Жоғарыда айтылған талапты сақтамаған жағдайда, Банк сізге айырбастау операциясын жүргізуден бас тартуға мәжбүр болады. 
Заңнама талаптарын сақтау үшін қолданылатын шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сұрақтарыңыз болса, өз менеджеріңізге хабарласуға болады.