Артқа
Сіздерге төлем карточкалары бойынша Cashback ұсыну шарттары туралы ақпаратты ұсынамыз: Cashback дегеніміз - сауда кәсіпорындарындағы және Ғаламтор желісіндегі тауарлар/қызметтер мен қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қолма-қол ақшасыз операция сомасының бөлігін клиентке/карточканы ұстаушыға қайтару. Cashback келесі жағдайларда берілмейді: - ойынханада және бәс тігулерде жүргізілген операциялар үшін; - лотерея билеттері мен облигацияларды сатып алғанда; - Банктегі және басқа банктердегі банктік шоттарға аударымдық операциялар жүргізу кезінде; - Электрондық әмияндарды толықтыру бойынша жүргізілген операциялар үшін; - Банк пен басқа банктердің банкоматтарында жүргізілген операциялар үшін; - Банктің Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде жүргізілген операциялар үшін. Cashback келесі жағдайларда жойылуы мүмкін: - Банк Cashback есептеген карточкалық операцияны жойған/қайтарған (төлем карточкасы бойынша сатып алынған тауарды қайтарған немесе төлем карточкасы бойынша төленген қызметтен бас тартқан) жағдайда; - карточканы ұстаушымен жасалған төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда; - төлем карточкасы бойынша несиелік лимиттің мерзімі өткен жағдайда.