Артқа
Құрметті клиенттер, Сіздерге «Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 31 қазандағы №12 шешіміне сәйкес жеке тұлғалардың жаңадан ашылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі келесі мөлшерде белгіленгендігі туралы хабарлаймыз: ұлттық валютада – жылдық 14,0%, шетел валютасында – жылдық 1,0%. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.